Нейтан Чен - Олимпиада чемпионы
Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы бәсеке өз мәресіне жетті. Ерлер арасындағы еркін бағдарламада өнер көрсеткен 24 спортшы өзара мықтыны анықтап, мәнерлеп сырғанау тарих қойнауына кетті. Бүгінгі күні мәнерлеп сырғанау әлемінің басты жұлдызы американдық Нейтан Чен Бейжің Олимпиадасында жеңімпаз атанды.
Қысқа бағдарламада 113 ұпай жинап жапон спортшысы Юдзуру Ханюдің нәтижесін жаңартқан Нейтан еркін бағдарламада 218 ұпай еншілеп, қорытындысында 330 ұпай жинап, төрт жылдықтың басты бәсекесінде қарсылас шақ келтірмеді.
Бұл жарыста күміс және қола жүлде жапон спортшыларына бұйырды. Күміс жүлде Юми Кагияма, ал қола жүлде Шаома Уноның еншісінде.
Екі дүркін Олимпиада чемпионы Юдзуру Ханю төртінші орынға тұрақтады. Осылайша, Нейтан үш Әлем чемпионатының алтын жүлдесінің қатарына Олимпиада чемпионы атағын қосып алды. Айта кетейік, Чен командалық сында Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Мәнерлеп сырғанау. Ерлер. Қысқа және еркін бағдарлама.
1. Нейтан Чен (АҚШ) (113+218) = 330
2. Юми Кагияма (Жапония) (108+201) = 310
3. Шаома Уно (Жапония) (105+187) = 293
4. Юдзуру Ханю (Жапония)(95+188) = 283
5. Чха Джун Хван (Оңтүстік Корея) (99+182) = 282