Қазақстандық спортшылардың 12 ақпан күнгі нәтижесі
Шаңғы жарысы:
Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы 15 орынға табан тіреді. Спортшыларымыз 16 ақпан күні командалық спринтке қатысады.
Жарыстың жеңімпазы Ресей Олимпиадалық комитеті, күміс жүлде Германия құрамасының қыздары, қола жүлде Швецияға бұйырды.
Конькимен жүгіру:
Конькимен жүгіруден сынға түскен Иван Аржаников 35,82 нәтижесімен 28-орын алды. Енді Иван 18 ақпан күні 1000 метр, 19 ақпан күні ерлер арасындағы масс-стартта бақ сынайды.
Олимпиада чемпионы қытайлық Гао Тиньгю атанды. Күміс жүлде Оңтүстік Корея өкілі Ча Мин Кюдің еншсінде болса, қола жүлдеге жапонияық Ватару Моришиге қол жеткізді.
Биатлон:
Ерлер арасындағы 10 шақырымдық жарыста сынға түскен Александр Мухин мәреге 49-болып келді. Владислав Киреев жарысты 78-орында аяқтады. Александр мен Владислав 18 ақпанда болатын ерлер арасындағы 15 шақырымдық масс-старт жарысына қатысады.
Спринт жарысында норвегиялықтардың мерейі үстем болып, алтын және қола жүлдені ағайынды Йоханесс және Тарьей Бе еншіледі. Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін француз Квентин Маллье жеңіп алды.