Спринт жарысынан Қазақстан әйелдер құрамасы финалға шыға алмады
Спринт жарысынан өнер көрсеткен Қазақстан әйелдер құрамасы финалдық кезеңге өте алмады. Екінші жартылай финалда өнер көрсеткен спортшыларымыз мәреге 10-шы болып келді.
Жарыс ережесіне сәйкес финалдық кезеңге екі топтан үздік 4 команда және уақыт көрсеткіші (Lucky loser) бойынша 2 команда жолдама алады. Қазақстан құрамасы өнер көрсеткен топта Ресей олимпиадалық комитетінің құрамасы, Финляндия, Швеция, Норвегия, Франция және Польша құрамасы финалға жолдама алды.
Әйелдер арасындағы спринт жарысының бірінші жартылай финалынан: Германия, АҚШ, Аустрия және Швейцария құрамасы финалдың қатысушылары болды.
Әйелдер арасындағы спринтте:
Олимпиада чемпиондары - Германия
Күміс жүлде - Швеция
Қола жүлде - Ресей Олимпиадалық комитеті