Қазақстандық спортшылардың 16 ақпан күнгі нәтижесі
Тау шаңғысы:
Захар Кучин бірінші мүмкіндігінен кейін 1:03:68 көрсеткішімен 43-орында болған. Екінші мүмкіндігінде 58,98 нәтижесімен 36-орынға тұрақтады.
Шаңғы жарысы:
Спринт жарысына қатысқан Қазақстан әйелдер құрамасы финалдық кезеңге өте алмады. Спортшыларымыз мәреге 10-шы болып келді, нәтижесі - 24:57:59.
Шорт-трек
1500 метр қашықтықта өнер көрсеткен Ольга Тихонова үшінші ширек финал барысында ереже бұзғаны үшін төрешілер шешімі бойынша жарыстан шеттетілді. Осылайша Ольга жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып, Олимпиада ойындарын аяқтады.