2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары тариx қойнауына кетті
Бейжіңде XXIV Қысқы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Әлемнің 91 елінен 3000-ға жуық спортшы қатысқан байрақты бәсеке Қазақстан спортшыларының қатысуымен өтті. Еліміздің атынан Ақ Олимпиадаға спорттың 8 түрінен 34 спортшы атанды. Спортшылар 16 күн бойы спорттың 8 түрінен (15 дисциплина) 109 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Бейжің Олимпиадасында 29 елдің спортшылары жүлде алып, Олимпиада ойындарында жүлде алған елдер арасында жаңа межеге қол жеткізді. Бұған дейін 27 елдің өкілі 2006 жылғы Турин Олимпиадасында жүлдеге қол созған. Қазақстан құрамасының қоржыны Бейжің Олимпиадасынан бос қайтты.
Олимпиада ойындарында жүлделер саны бойынша командалық есеп:
1. Норвегия. 16 алтын, 8 күміс, 13 қола. жиыны 37 медаль
2. Германия. 12 алтын, 10 күміс, 5 қола. жиыны 27 медаль
3. Қытай. 9 алтын 4 күміс, 2 қола. жиыны 15 медаль
4. АҚШ. 8 алтын, 10 күміс,7 қола. жиыны 25 медаль
5. Швеция. 8 алтын 5 күміс 5 қола. жиыны 18 медаль