Бела Гуттманның қарғысына сенесіз бе?

Қазіргі кезде «Бенфика» футбол клубының жанкүйерлері екі топқа бөлінген. Бірі Бела Гуттманның қарғысына сенсе, екіншілері керісінше сенбейді. Олай болса, Бела Гуттманн деген кім?

 Бела Гуттманн 1959-1962 жылдар арлағында португалиялық клубтың бас бапкері болған венгриялық маман. 1961 жылы қарт құрлықтың турнирінде «Реал Мадрид» командасының гегемониясын тоқтатып, Чемпиондар Лигасын «Бенфика» футбол клубымен бірге екі мәрте жеңген.

1962 жылы екінші мәрте Чемпиондар Кубогын жеңгеннен кейін, клуб басшылығымен кездесу өткізіп, айлығын көтеруді сұрайды. Бірақ басшылық оған: «Сіздің орыныңызда болған кез-келген бапкер, дәл қазіргі құраммен жеңіске жетер еді, біз сіздің өтінішіңізді орындай алмаймыз», деп жауап береді. Сол кезде ашуланған Гуттман: «Менсіз Бенфика алдағы 100 жылдың ішінде Еуропа Кубогын ешқашан жеңе алмайды», деген сөздерді айтып, қызметінен кетіп қалады.

Енді Португалиялық клубтың 1962 жылдан кейінгі статистикасына көз жүгіртер болсақ: 8 мәрте еурокубок финалында жеңілген. Оның бесеуі Чемпиондар Кубогы (Лигасы) және үшеуі УЕФА Кубогы (2009 жылдан Еуропа Лигасы)

1963 жылы Чемпиондар Кубогының финалында «Милан» командасына 1:2 есебімен жеңілген.

1965 жылы Чемпиондар Кубогының финалына дейін жетіп, Миландық «Интерге» 0:1 есебімен жеңіліс.

1968 жылғы финалдық ойында «Манчестер Юнайтед» футбол клубына 1:4 есебімен есе жіберді.

1983 жылы «Бенфика» УЕФА Кубогының финалында бельгиялық «Андерлехт» футбол клубына қарсы екі ойын ойнап, алғашқы ойында 1:0 есебімен жеңіліп, екінші ойында 1:1 есебі тіркелген, Лиссабондық клуб төртінші мәрте жеңілген уақытта жанкүйерлер қарғыс жайлы айта бастады.

1988 жылы Чемпиондар Кубогының финалында голландиялық «ПСВ» командасына қарсы ойнап, пенальти сериясынан 6:5 есебімен жеңіліп, еурокубоктың бесінші финалында жеңілді.

1990 жылы «Милан» футбол клубының сапында Франк Райкард пен Марко Ван Бастен жұлдыз болып тұрды. Чемпиондар лигасының финалдық ойыны Вена (Аустрия) қаласында өтті. Гуттман бұл финалдан 9 жыл бұрын, яғни 1981 жылы қайтыс болған және қабірі Венада еді. Атақты Эусебио венгр маманының қабіріне барып, гүл шоқтарын қойып кешірім сұрағанымен, «Милан» сол ойында Франк Райкардтың соққан жалғыз голы матч  тағдырын шешіп, португалиялық команда тағы бір рет финалдық ойында жеңіліс тапты.

2013 жылы Еуропа Лигасының финалдық ойынына дейін жеткен Жорже Жезустың командасы «Челсиге» 2:1 есебімен жол беріп, жетінші рет еурокубок финалында жеңілді.

2014 жылы финалдық ойында испаниялық «Севилья» футбол клубына ойын соңындағы пенальти сериясынан жеңіліп, 1962 жылдан кейін еурокубок финалында жеңбеген.       

Қарғысты алу мақсатында атақты 1990 жылы Эусебио Гуттманның қабірінің басына барып кешірім сұраған. «Бенфика» «Эштадиу Да Луж» стадионының алдында клуб тарихындағы ең үздік бапкерге арнап ескерткіш орнатты. Гуттманн қарғысына сенетін болсақ, «Бенфика» футбол клубы қандай да бір еурокубокты әлі 40 жыл жеңе алмайды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды