«Барыс» Президент Кубогының финалында ұтылып қалды
Президент Кубогының финалында астаналық «Барыс» хоккей клубы омбылық «Авангард» командасынан жеңілді деп хабарлайды Vesti.kz.
Тартысты өткен ойында алғашқы шайбаны қазақстандық команда сапынан Евгений Рымарев салған болатын. Алайда кейін қонақтар қатарынан төрт шайба салып, жеткізбей кетті.
Осылайша «Авангард» хоккей клубы Президент Кубогының жеңімпазы атанды.
«Барыс» Астана - «Авангард» Омбы - 3:5 (0:0; 1:3; 2:2)
23:48 – 1:0 – Евгений Рымарев (Бойд)
28:39 – 1:1 – Кирилл Семёнов (Мозер)
36:33 – 1:2 – Том Ванделль (Блатяк, Паршин)
39:55 – 1:3 – Владимир Первушин
41:36 – 1:4 – Денис Паршин (Ванделль)
48:39 – 2:4 – Кевин Даллмэн
50:30 – 2:5 – Александр Попов (Пережогин, Блатяк)
57:11 – 3:5 – Дастин Бойд (Ландин, Антропов)
Қақпашылар: Лацо – Барулин
Бұл ойынға дейін жарыстың үшінші орны үшін кездесу өткен. «Нефтехимик» пен «Металлург» командалары негізгі уақытта 4:4 есебімен тең түсті. Ал, буллит сериясында «Нефтехимик» командасы жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.