Андрей Карпович Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады
Ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды.
Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын.
Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызыл-Жардың» бас бапкері.
Жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.