Заңғар Нұрланұлы Tennis Europe ұйымының рейтингінде көш бастады

Tennis Europe ұйымы Junior Masters турниріне қатысатын спортшылардың рейтингін жариялады. Жас теннисшілердің Халықаралық додасы 2022 жылдың күзінде Монте-Карлода өтеді. 14 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Tennis Europe рейтингінде 445 ұпаймен көш бастап тұр. Осымен үшінші ай қатарынан қазақстандық жас теннис жұлдызы 14 жасқа дейінгі спортшылардың рейтингінде ешкімге дес берер емес.

Ақпан айының соңында Заңғар Нұрланұлы Франция астанасы – Парижде өткен беделді турнирдің жеңімпазы атанған болатын. Жеңіс тұғырына көтерілу үшін жас теннисші Аустрия, Ресей мен Францияның үздік ойыншыларын жеңгенін еске сала кетейік.

Сондай-ақ, әлемнің үздік топ-150 теннисшісінің қатарына енген тағы екі отандасымыз бар. Олар – 33-орында тұрған Дамир Жалғасбай мен 111-орындағы Даниэль Тазабеков.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды