Чемпиондар Лигасында ширек финалға шыққан тағы екі команда белгілі
Чемпиондар Лигасының кезеңті ойын күнінде ширек финалға шыққтан екі команда анықталды. Мадридтік «Реал» өз алаңында «ПСЖ» футбол клубын жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Екі команда арасындағы Париж қаласында өткен кездесу Почеттино шәкірттерінің пайдасына 0:1 есебімен аяқталған болатын. Дегенмен «Сантьяго Бернабеу» стадионында жанкүйерлер тартысқа толы ойынның куәсі болды. Ойында алғаш болып қонақтар есеп ашты. Қарымта шабуылдардың бірінде Килиан Мбаппе Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа күзеткен қақпадан саңылау тауып, командасының ширек финалға шығу мүмкіндігін еселеді.
Екінші тайм барысында қақпашы Доннаруманың қателігін ұтымды пайдаланған Карим Бензема есепті теңестірді. Біраз уақыт өткен соң француз дубль авторы атанды. Ойынның 78- минутында Бензема тағы гол соғып, матчтың басты қаһарманы атанды. Бензема соққан үш гол Мадридтік клубты ширек финалға алып шықты.
Осы ойынмен қатар Англияда «Манчестер Сити» лиссабондық «Спортингті» қабылдады. Бұл ойында барлығы Португалияда шешіліп қойған. Лиссабонда өткен ойын Гвардиола шәкірттерінің пайдасына 5:0 есебімен аяқталған болатын. Сондықтан Манчестерде өткен ойында гол соғылмады. «Манчестер Сити» еш қиындықсыз ширек финалға шықты.
Осылайша ширек финалға шыққан төрт команда белгілі. Ендігі төрттік келесі аптада анықталады.
Чемпиондар Лигасының 1/4 финал қатысушылары:
«Бавария» (Германия)
«Ливерпуль» (Англия)
«Реал Мадрид» (Испания)
«Манчестер Сити» (Англия)