Александр Бублик «Indian Wells» турнирінің үшінші айналымына шықты
АҚШ-та өтіп жатқан Мастерс турниріне қатысып жатқан Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарыс жолын бастап, британиялық Энди Маррейді 2 сағаттың ішінде 7:6 (9), 6:3 есебімен жеңіп, 2022 жылғы он бесінші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік осыған дейін қос теннисші Ротттердам (Нидерланд) қаласындағы жарыста жолдары түйісіп, ойын Маррейдің пайдасына аяқталған болатын. Ал спорттық мансабында алғаш рет Александр екі дүркін Олимпиада чемпионымен 2017 жылғы Уимблдон турнирінде кездесіп, үш сетте жеңілген. Екі теннисші текетіресінде Энди 2:1 есебімен алда келеді.
Үшінші айналымда Бублик болгариялық Григор Димитровпен кездеседі. Қос теннисші арасында 2:1 есебімен Александр алда келеді.
Сонымен қатар әйелдер арасында Елена Рыбакина үшінші айналымға жолдама алды. Еленаның келесі қарсыласы Виктория Азаренко (Беларусь)