Еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
19-24 сәуір аралағында Улан-Батор қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Аталған додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Мадияр Құрамысов байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандар тізімін жариялады
- 57 келі - Рахат Қалжан;
- 61 келі - Ақбар Құрбанов;
- 65 келі - Санжар Досжанов;
- 70 келі - Сырбаз Талғат;
- 74 келі - Нұрқожа Қайпанов;
- 79 келі - Жігер Зәкіров;
- 86 келі - Азамат Дәулетбеков;
- 92 келі - Әділет Дәуленбаев;
- 97 келі - Мамед Ибрагимов;
- 125 келі - Әлішер Ерғали.
Сонымен қатар еркін күрестен әйелдер құрамасының бас бапкері Қайрат Сағадиев Сары құрлық біріншілігінде бақ сынайтын бұрымды балуандар тізімін жариялады.
50 келі - Айгүл Нұралім;
53 келі - Жұлдыз Эшимова;
55 келі - Алтын Шағаева;
57 келі - Нилуфар Раимова;
59 келі - Диана Каюмова;
62 келі - Аяулым Қасымова;
65 келі - Дариға Әбен;
68 келі - Мадина Бақбергенова;
72 келі - Жәмилә Бақбергенова;
76 келі - Гүлмарам Еркебаева.