Қазақстан құрамасының жеңісі
Қазақстан құрамасы ойын соңындағы пенальти сериясында Молдова командасын 5:4 есебімен жеңіп, келесі маусымда Ұлттар Лигасында С лигасында ойнайды. Келесі маусымда Қазақстан құрамасының қарсыластары Словакия, Әзірбайжан және Беларусь командалары болады.
Ұлттық құрама қақпашысы Игорь Шацкий қарсыластың екі бірдей соққысын қайтарды.
Кишинев қаласында өткен алғашқы ойын Қазақстан пайдасына 2:1 есебімен аяқталса, Нұр-Сұлтанда өткен ойын Молдованың пайдасына 0:1 есебімен аяқталды.