Қазақ елінің экономикасы даму үстінде - Елсияр Қанағатов
Елсияр ҚАНАҒАТОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында қазақ елінің экономикасы даму үстінде. Соның ішінде спорт саласы да экономиканың дамуының арқасында жақсы нәтиже көрсетіп келеді.
Қазір дүние жүзінде экономика саласы қиын жағдайда, әлемде дағдарыс. Сонымен қатар, санкциялар болып жатыр. Соған байланысты Жолдауда Елбасымыз нақты шешімдер қабылдады. «Нұрлы жол» атты экономикалық бағдарламаны жариялады.
Нақты айтатын болсақ, кезінде Президентіміз Ұлттық қор құрып, өзіміздің байлығымыздан түскен қаражатты жан-жаққа таратпай, қиын-қыстау кезде жұмсау үшін сақтаған еді. Қазіргі жағдайда қаражатты экономиканың дамытуға салуда.