«Барыс» хоккейшілері «Автомобилист» командасын ұтты
Қазақстандық «Барыс» клубы Екатеринбург қаласында өтіп жатқан «Каменный цветок» турнирін жеңіспен бастады.
Ойын аса нәтижелі болған жоқ. Есепті 32-ші минутта жергілікті «Автомобилист» сапынан Евгений Лапченков ашты. «Барыс» 45-ші минутта қарсылас команданың қақпасына шайба салып, есепті теңестірді. Осылайша негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта Дастин Бойд шайба мергендік танытып, «Барысқа» жеңіс әкелді.
Бүгін «Барыс» Тольятти қаласынан келген «Лада» командасымен сынға түседі. Ойын Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.