Қазақстандық гимнастар әлем кубогында кезеңінде жүлделі орын алды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Құрбанов және Милад Карими Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен Әлем Кубогы кезеңінде жүлделі орын алды.
Нариман «спорттық ат» бәсекесінде 14,633 нәтижесімен жарыс жеңімпазы атанды. Күміс жүлде Матвей Петров (Албании) қола француз Томмасон Сирильдің еншісінде.
Милад еркін жаттығу сынында 14,300 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді. Жарыс жеңімпазы Израиль спортшысы Артёма Долгопят атанды. Қола жүлдені Эймон Монтгомери (Ирландия) алды.