Евгений Рымарев «Барыс» хоккей клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды
Қазақстан Ұлттық құрамасының шабуылшысы Евгений Рымарев «Барыс» клубымен екі жылдық келісімшартқа отырды. Осыған дейін 25 жастағы шабуылшы клубтың бақылауда болған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Минск қаласында өткен Әлем чемпионатында Евгений Рымарев Қазақстан құрамасының үздік шабуылшысы атанған болатын. Ол 5 матчта 3 шайба соққан.