Қазақстандық балуандар Азия біріншілігінің финалдына жолдама алды
Күрес түрлерінен Моңғолия астанасы Улан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресі бойынша жеребе тарту рәсімі өтіп, балуандарымыздың қарсыласы анықталды.
Дәл қазір 5 салмақта іріктеу белдесулері аяқталып, финалға 4 балуанымыз жолдама алды.
Финалдық белдесулер:
55 келі - Аманғали Бекболатов (Қазақстан) - Ю Шиотани (Жапония)
63 келі - Мейрамбек Айнағұлов (Қазақстан) - Тынар Шаршенбеков (Қырғызстан)
77 келі - Мақсат Ережепов - Ақжол Махмудов (Қырғызстан)
130 келі - Әлімхан Сыздықов (Қазақстан) - Ким Мен Сок (Оңтүстік Корея)
Қола жүлде үшін талас:
87 келі - Нұрсұлтан Тұрсынов (Қазақстан) - Мэлс Айтбеков (Қырғызстан)
Финалдық белдесулер «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде 16:00-де басталады.