Қазақстандық балуандар Азия Чемпионатының финалында өнер көрсетті
Күрес түрлерінен Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан сары құрлық біріншілігінің алғашқы жарыс күні аяқталды. Бірінші жарыс күнінде боз кілемде грек-рим күресінің шеберлері бес салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Бұл сында қазақстандық төрт балуан Азия Чемпионатының финалында өнер көрсетіп, 130 келіде Әлімхан Сыздықов Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Сокты таза жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды.
130 келі
Әлімхан Сыздықов (Қазақстан)
Ким Мин Сок (Оңтүстік Корея)
Роман Ким (Қырғызстан)
Муминжон Абдуллаев (Өзбекстан)
55 келі салмақ дәрежесінде Аманғали Бекболатов жапониялық Ю Шиотаниге есе жіберіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Ю Шиотани (Жапония)
Аманғали Бекболатов (Қазақстан)
Аржун Халакурки (Үндістан)
Жасурбек Ортикбоев (Өзбекстан)
63 келіде Мейрамбек Айнағұлов қырғыз балуаны Тынар Шаршенбэковке жеңіліп, күміс жүлдегер атанды.
Тынар Шаршенбэков (Қырғызстан)
Мейрамбек Айнағұлов (Қазақстан)
Имман Хуссейн Муххамади (Иран)
Нерраж Нерраж (Үндістан)
77 келі салмақ дәрежесінде Мақсат Ережепов қырғыз балуаны Ақжол Махмудовқа 3:1 есебімен есе жіберіп, Азия Чемпионатында екінші орын алды.
Ақжол Махмудов (Қырғызстан)
Мақсат Ережепов (Қазақстан)
Ариф Музафар Хабибуллахи (Иран)
Кодаи Сакураба (Жапония)
87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов қырғыз балуаны Мэлс Айтбековті 7:2 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
Насер Ализаде (Иран)
Жалғасбай Бердімұратов (Өзбекстан)
Кумар Сунил (Үндістан)
Нұрсұлтан Тұрсынов (Қазақстан)