Мадина Бақбергенова - Азия чемпионы
Моңғолияда өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші жарыс күнінде боз кілемге әйелдер бес салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтады. Еліміздің намысын қорғаған балуандарымыз арасынан 68 келі салмақ дәрежесінде Мадина Бақбергенова финалға дейін жетіп, 2021 жылғы Әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Мейірім Жұманазарованы 3:2 есебімен жеңіп, сары құрлық біріншілігінің жеңімпазы атанды.
76 келіде өнер көрметкен Гүлмарал Еркебаева қола жүлде үшін таласта жарыс қожайыны Ариунжаргал Ганбатты 7:4 есебімен жеңіп, Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Жарыстың үшінші күні белдескен қалған үш балуанымыз жарыс жолын ерте аяқтады.
Енді ертең жарыстың төртінші күні Әйелдер тағы бес салмақ дәрежесінде сынға түседі. Жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар:
53 келі - Жұлдыз Эшимова
57 келі - Нилуфар Раимова
62 келі - Аяулым Қасымова
65 келі - Дариға Әбен
72 келі - Жәмилә Бақбергенова