Жәмилә Бақбергенова - екі дүркін Азия Чемпионы
Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 72 келі салмақ дәрежесінде Жәмилә Бақбергенова жеңімпаз атанды.
Айналым жүйесімен өткен жарыста Жәмила төрт қарсыласын жеңіп, жарыстың алтын жүлдесіне қол жеткізді.
Бұл – спортшының Азия құрлығындағы екінші алтын жүлдесі. Осыған дейін спортшымыз 2020 жылы Нью-Делиде өткен байрақты бәскекеде жеңімпаз атанған болатын.
Айта кетейік, кешегі жарыс күнінде Жәмиләнің әпкесі Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарған болатын.
Бүгін сағат 16:00-де «Qazsport» телеарнасынан әйелдер күресінің финалдық кезеңін тікелей эфирде көре аласыздар.
53 келіде Жұлдыз Эшимова өзбекстандық Ақтенге Кеунимжаевамен Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін белдеседі.