«Тобыл» Словениялық ойыншыны қатарына қосты
«Тобыл» Словения құрамасының ойыншысы Руди Пожег Ванкасты қатарына қосты. Бұл жайлы қостанайлық клуб ресми сайтында мәлімдеме жасады.
28 жасар жартылай қорғаушы Словения чемпионатында «Колпа», «Домжале», «Целье» және «Марибор» командасында ойнаған. Соңғы ойнаған командасы украиналық «Черноморец» футбол клубы.
Ванкас Словения чемпионатында 274 матч (49 гол, 32 нәтижелі пас) және еурокубокте 15 кездесу өткізген. Словения ұлттық құрамасына 2018 жылы шақырту алып, бір ойын өткізген.