Қазақстандық шахматшы Нөгербек Қазбек кадеттер арасында жылдам шахматтан әлем чемпионы атанды
Грекияның Родос аралында шахматтың рапид және блиц түрлерінен 2022 жылғы әлем чемпионатының 9-шы кезеңі аяқталды. Қазақстандық шахматшы, шахматтан ұлттық жастар құрамасының мүшесі Фиде мастер Қазбек Ногербек 18 жасқа дейінгі категорияда кадеттер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды.
Тағы бір қазақстандық шахматшы Даниял Сапенов 14 жасқа дейінгі жастар арасында қола медальға қол жеткізді.
Бүгін шахматтың блиц түрінен әлем чемпионаты басталады. Оғанн елімізден 8 шахматшы қатысатын болады.