Бразилияда ХXIV Жазғы Сурдлимпиада ойындары басталды

24 ші жазғы Сурдлимпиада жалауын көтерді, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және Дене шынықтыру істері коммитетінің баспасөз қызмететі

Бразилияның Кашиас-ду-сул қаласында жазғы Сурдлимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 3500 спортшы спорттың жиырма бір түрінен бақ сынайды.

Есту мүшесі зақымданған спортшылар арасындағы олимпиадада Қазақстан атынан 65 спортшы спорттың тоғыз түрінен: үстел теннисі, жүзу, каратэ-до, таэквандо, дзюдо, жеңіл атлетика, грек-рим, еркін күрес және бадментоннан ел намысын қорғайды.

Салтанатты іс-шарада еліміздің көк байрағын Самсунда (Түркия) өткен XXIII - жазғы Сурдлимпиаданың чемпионы, Әлем Чемпионатының және көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегері, таэквондист – Аян Әбдіраш алып шықты.

«Осындай ірі халықаралық додада елімнің байрағын алып шығу маған тапсырылды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Сурдлимпиадаға мен тыңғылықты дайындалдым. Бар күш-жігерімді салып өзіме артылған үмітті ақтаймын, деген ойдамын»,- деді Аян.

Айта кетейік, Самсун қаласында (Түркия) өткен 23-ші Сурдлимпиадада қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен (еркін күрес, грек-рим, дзюдо, таеквондо, каратэ, жүзу, жеңіл атлетика, үстел теннисі) өнер көрсеткен болатын. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 25-ші орынға ие болып, 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді жеңіп алған.

Жиырма төртінші Сурдлимпиадада отандастарымызға мол үміт артамыз, дейді ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов.

«Бұл Қазақстан құрамасы қатысып отырған алтыншы жазғы сурдлимпиада. Отандық спортшыларымыз осыған дейінгі жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр. Бұл сында да лайықты нәтиже көрсетеді деген ойдамыз. Барша қазақстандықтарды ұлттық құрамаға жанкүйер болуға шақырамыз»- деді Бекболат Құстүтінұлы.

Тағы бір айта кететін жайт, сурдлимпиадалық спорт түрлерін қолдау мақсатында мемлекет тарапынан берілетін қаржылай сыйақы мөлшері Олимпиада және Паралимпиадамен теңестірілген болатын.

Яғни аталмыш жарыстан бірінші орын алған спортшыға 250 000, екінші орын 150 000, үшінші орын- 75 000, төртінші орын — 30 000, бесінші орын — 10 000 және алтыншы орын үшін — 5 000 АҚШ доллары беріледі.

Жазғы сурдлимпиада мамыр айының он бесіне дейін жалғасады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды