«Барыс» «Металлургті» 5:2 есебімен ұтты
«Астаналық «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасында Новокузнецкіде жергілікті «Металлургті» 5:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алғашқы кезеңде командалардың қай-қайсысы да жақсы ойын өрнегін көрсете алар еді. Дегенмен, «Барысқа» сәттілік көбірек бұйырды.
Екінші жиырмасыншы минутта новокузнецкілік «Металлург» өз алаңында жағдайды оңалтуға тырысты. Алайда бір соғылған шайбаға қонақтар үш шайбамен жауап қайтарды. Дастин Бойд екі рет көзге түсті. Бұдан кейін Брэндон Боченски орталық шабуылшының тамаша берген шайбасын түзеп, қақпаға бағыттады.
Үшінші кезеңде қауіпті сәттер болғанмен қақпаға шайба соғылмады.
Келесі ойын - Новосібірде 15 қыркүйекте өтеді (басталуы - Астана уақытымен 18:00-де), онда «Барыс» жергілікті «Сибирьге» қарсы ойнайды.
«Металлург» Нк - «Барыс» - 2:5 - (0:2; 2:3; 0:0)
13:46 - 0:1 - Николай Антропов (Руденко, Старченко)
17:27 - 0:2 - Роман Старченко (Антропов) ГБ
20:58 - 1:2 - Райан Стоа (Лашофф, Фэйрчайлд)
23:10 - 1:3 - Дастин Бойд (Боченски)
24:14 - 1:4 - Дастин Бойд (Доус) ГБ
27:49 - 1:5 - Брэндон Боченски (Бойд) ГМ
31:45 - 2:5 - Ансель Галимов (Макаров)
Қақпашылар: Лацо - Сорокин, Хакимов (24:14 - 60:00)