Қазақстандық таэквондошылар әлемдік гран-при сериясына қатысады
Таэквондодан Әлемдік гран при сериясына қатысатын қазақстандық спортшылар:
Жансель Дениз (67 келіден жоғары)
Самирхон Абабакиров ( 58 келі)
Нұрлан Мырзабаев (80 келі)
Руслан Жапаров (80 келіден жоғары)
Смайыл Дүйсебай (80 келіден жоғары)
Әлемдік гран-при сериясының алғашқы кезеңі Рим (Италия) қаласында 3-5 маусым күні өтеді. Екінші кезең 2-4 қыркүйек аралығында Парижде, (Франция) үшінші кезең 21-23 қазанда Манчестерде (Ұлыбритания) және финалдық кезең 12-13 желтоқсан күні Уси (Қытай) қаласында жоспарланған.