Куба боксшылары «Елорда Кубогы» жарысына келеді
![](https://i.qazsporttv.kz/2022/6/9/1654773454626.jpg?w=730&h=431&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бокстан Қазақстан құрамасы Куба боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.
Оқу-жаттығу жиыны: Қазақстан, Куба, Қырғызстан, Өзбекстан және Жапония боксшыларының қатысуымен маусым айының 14-28 аралығына жоспарланған.
Осыған дейін «Президент Кубогы» деп аталып келген «Елорда Кубогы» 28 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласында басталады.