Қазақстандық семсерлесу шебері Азия Чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді
Семсерлесуден Сеул қаласында өтіп жатқан сары құрлық біріншілігінде Артем Саркисян қола жүлдегер атанды. Алғашқы жарыс күнінде еліміздің атынан ерлер арасында Артем Саркисян, Назарбай Саттарxан және Мұxамедәлі Раxманәлі сынға түссе, әйелдер арасында София Николайчук және Владислава Андреева өнер көрсетті.
Іріктеу кезееңінен іркілмей өткен Андрей жартылай финалға дейін барып, жарыс қожайыны, екі дүркін Олимпиада чемпионы Ку Бон Гильге 10:15 есебімен есе жіберді. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында бір қола жүлде бар.
Бүгін жарыс жолына ұлттық құраманың көшбасшылары: Руслан Құрбанов, Дмитрий Алексанин, Эльмир Әімжанов және Вадим Шарлаимов шығады.
Жекелей жарыстан бөлек Азия Чемпионатында командалық жарыс жоспарланған. Кореяда өтіп жатқан Азия біріншілігіне 22 елден келген 318 спортшы қатысып жатыр.