Шорт-тректен Қазақстан құрамасының жаңа бапкері белгілі болды,
Конькимен жүгіру федерациясының мәліметіне сәйкес, Нұрберген Жұмағазиев шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Осыған дейін бас бапкер болып келген Мәдіғали Қарсыбеков еңбек демалысына кетуіне байланысты қызметінен өз еркімен кетті.
Айта кетейік Мәдіғали Қарсыбеков мырза 2006 жылдан бері ұлттық құрама тізгінін ұстап келді. Оның шәкірттері көптеген дүбірлі доадалардан олжалы оралған. Бапкер ретіндегі ең үздік көрсеткіші 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Абзал Әжіғалиевтің төртінші орыны саналады.
Нұрберген Жұмағазиев - шорт- тректен Олимпиада ойындарының қатысушысы. Әлем Кубогының жүлдегері.