«Qazsport» телеарнасы УЕФА Конференция Лигасындағы қазақстандық клубтардың қарымта ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

УЕФА Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны аясында «Виктория» (Гибралтар) стадионында жергілікті «Линкольн Ред Импс» қазақстандық «Тобыл» футбол клубын қабылдайды. Қостанай қаласында өткен алғашқы ойында қазақстандық клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен.

Ойын бүгін елорда уақытымен 21:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

28 шілде, бейсенбі күні «Астана» футбол клубы өз алаңында «Ракув» командасын қабылдайды. Польша жерінде өткен алғашқы ойында қарсылас пайдасына 5:0 есебі тіркелген болатын.

Бұл ойын жергілікті уақыт бойынша 20:50-де арнамыздың тікелей эфирінде басталады.

Алматылық «Қайрат» өз алаңында кеткен есені «Кишварда» командасынан қайтаруға тырысады. Алматыда өткен алғашқы ойында венгриялық команда 1:0 есебімен басым түскен болатын. Бұл ойын Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-де qazsporttv.kz сайтында басталып, «Астана» - «Ракув» арасындағы ойын аяқталған соң арна эфиріне ауысатынын хабарлаймыз.

Петропавлдық «Қызыл-Жар» Хорватияда «Осиек» футбол клубына қарсы ойнайды. 21 шілде күні өткен алғашқы ойында хорватиялық ұжым 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ойынды елорда уақыты бойынша 00:20-да «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды