Қазақстан жастар құрамасы еркін күрестен Әлем Чемпионатын сәтті аяқтады
Италияда 17 жасқа дейінгі жастар арасында күрес түрлерінен Әлем Чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын үш қола жүлде бар.
Алтын жүлдені 55 келі салмақ дәрежесінде Дарын Әскербек және 92 келіде Камиль Куруглиев еншілесе, қола жүлде Арсен Жұма, Юсуф Ашрапов және Алина Ертөстікке бұйырды.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы алтыншы орынға тұрақтады.