Шахматтан XXXXIV Дүниежүзілік Олимпиада аяқталды
Үндістанның Ченнаи қаласында өткен шахматтан ХХХХIV Дүниежүзілік Олимпиада ойындары мәресіне жетті
Жаһандық жарысқа ерлерден 189 команда, әйелдерден 162 команда, жалпы саны 2000 астам спортшы қатысты.
Әйелдер арасындағы сайыста 5 спортшы қатысты.
Олар:
1) Әбдімәлік Жансая (22 жас) - 9 партиядан 7 ұпай
2) Асаубаева Бибісара (18 жас) - 11партиядан 8 ұпай
3) Балабаева Ксения (17 жас) - 10 партиядан 5,5 ұпай
4) Нахбаева Гүлісхан (31 жас) - 10 партиядан 6 ұпай
5) Нұрғали Назерке (18 жас) - 4 партиядан 1,5 ұпай
Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы 5 орынға табан тіреді. Алтын жүлде - Украина, күміс- Грузия, қола АҚШ-қа бұйырды.
Ерлер арасындағы сайысқа 5 спортшы қатысты.
Олар:
1) Жұмабаев Ринат (33 жас) - 9 партиядан 5,5 ұпай
2) Сулейменов Алишер (22 жас) - 10 партиядан 6,5 ұпай
3) Қажыгалеев Муртас (49 жас) - 4 партиядан 1 ұпай
4) Уразаев Арыстанбек (24 жас) - 11 партиядан 7 ұпай
5) Нөгербек Қазыбек (18 жас) - 10 партиядан 7,5 ұпай. Ерлер құрамасы командалық есепте 17 орынға жайғасты.