Арли Чонтей алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.
Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Қоссайыс есебінде ол 253 (114+139) келі көтерді.
Екінші орынды Мансур Алсалим (Сауд Арабиясы) иеленді -252 (115+137) келі. Үздік үштікті 244 (110+134) келі көтерген Индонезиядан келген Ади Нугрохо тұйықтады.