Елордада ASTANA MARATHON 2022 өтеді
9 қазан күні Astana Marathon 2022 жыл сайынғы халықаралық марафоны өтеді. Марафонда 18 жастан жоғары қатысушылар 42.2 км жүгірсе, 16 жастан жоғары атлеттер 10 км қашықтықта бақ сынайды. Марафонға қатысу үшін тіркеуді көрсетілген сайтта онлайн режимінде өтуге болады https://register.chronotrack.com/r/67686. 42.2 және 10 км қашықтықта онлайн өтінімдерді беру мерзімі - 7 қазан 09:00 дейін.
Биыл Astana Marathon 2022 аясында ең жылдам 10 қазақстандық жүгіру клуб енетін "Көшбасшылар тақтасы" рейтингін іске қосады.