Алматы облысының шалғай ауылдарының бірінде жаңа спорт зал ашылды

Алматы облысының Қазақстан ауылында 300 балаға арналған заманауи спорт залы ашылды. Бұл «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Батыр боламын!» қорымен серіктестікте жүзеге асырып жатқан «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы аясындағы жетінші спорт залы.

Еңбекшіқазақ ауданындағы Қазақстан ауылы – шалғай елдімекендердің бірі. Ауыл аудан орталығы Есік қаласынан 45 км және Алматы қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан. Ауылда әдеттегі мектеп спортзалынан басқа спорт инфрақұрылымы жоқ. Бірнеше жыл бұрын ауыл тұрғындары қаражат жинап, спорт кешенін салды. Алайда залда түрлі спорт түрлерімен айналысу үшін тиісті жағдаймен жабдық болмады.


«24 балалар спорт залы» жобасы ауылға жаңа дем берді. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен нысан қажетті заманауи жабдықтармен және спорттық құралдармен жарақтандырылды. «Еркін күрес», бокс, карате және гимнастика залдары жабдықталды. Жаттықтырушылардың айтуынша, бүгінде үйірмелерге 100-ге жуық бала жазылған. Залдың ресми ашылуы мен алғашқы жаттығулар кеше басталды.

«Спорт залының ашылуы бүкіл ауыл үшін үлкен оқиға болды. Себебі осыған дейін ауыл тұрғындарының осындай маңызды жобаны жүзеге асыра алатынымызға күмәнданғаны рас. Залдарды жабдықтап, тиянақты дайындадық. Ашылу салтанатында жергілікті тұрғындар ғана емес, жақын маңдағы ауылдардағыазаматтар мен балаларболды. Нысанның ауұымын көріп, осындай спорт залды өз ауылдарында да жабдықтауға ниет білдірді. Шынында да, ауылдарда спортпен үнемі шұғылданғысы келетіндарынды бала өте көп. Бірақ, барлық жерде бірдей жағдайжасалмаған. «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп ашқан жеті залда 700-ден астам бала спортпен айналысып жатыр», – деді «Батыр боламын!» қоғамдық қорының президенті Арман Уахап.

Ауыл балаларын қолдап,шабыттандыру ниетімен ашылу салтанатына Алматы облысы Спорт басқармасының басшысы, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, грек-рим күресінен Әлем чемпионатының жүлдегері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Алмат Кебісбаев, еркін күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков, ММА бойынша Әлем чемпионы Айбек Нұрсейіт қатысты. Қонақтар мен спортшылар балалармен жеке әңгімелесіп, шағын мастер-класс ұйымдастырды.


«Спортзалды жабдықтау сапасына таң қалдым. Шынымды айтсам, мұндай күрес кілемдерін мен шетелдегі жарыстарда өнер көрсеткен кезде көретінмін. Тіпті, біздегіірі қалалардағы спорт залдар осындай құралдармен жабдықталмаған. Болашақта Қазақстан ауылынан еліміздіңатын шығарып, көк туымызды биікке желбірететінжаңа чемпиондар шығады деп сенемін», – деді Азия және Қазақстан чемпионы, еркін күрестен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков.

Еске салсақ, «Қазақстан халқына» қоры бастамашылық еткен «24 балалар спорт залы» қайырымдылық жобасы еліміздің шалғайдағы елді мекендерінде немесе спортқа қолжетімділік деңгейі төмен ауылдық жерлерде балалар спортының қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталған. Жобаның мақсатты аудиториясы – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ даму ерекшелігі (инклюзивтілігі) бар балалар. 24 залды ашуға Қор 183 623 000 теңге бөлді. Бүгінгі таңда еліміз бойынша жеті зал жұмыс істейді: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Тасты кенті; Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ават кенті; Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу кенті; Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт кенті; Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Черкасск кенті; Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді кенті; Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қазақстан ауылы.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды