Евгений Рымарев «Барыс» сапынан кетті
Бүгін екі жақтың ортақ келісімі бойынша «Барыс» хоккей клубы мен шабуылшы Евгений Рымаревтың арасындағы келісімшарт үзілді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
2014-2015 жылғы маусымда әр ойында 8:01 минут ойнаған хоккейші команда сапында 14 кездесу өткізіп, «гол+пас» жүйесі бойынша 1 (1+0) нәтижелі ұпай жинады, ал қажеттілік көрсеткіші - 2, айып минуты - 6.
Евгений Рымарев «Барыс» сапында барлығы 140 ойын өткізіп, әр ойында орта есеппен 10:35 минут ойнап, «гол+пас» жүйесі бойынша 22 (10+12) нәтижелі ұпай иеленді, ал қажеттілік көрсеткіші - 16, айып минуты - 58.
Шайба.kz сайтының мәліметі бойынша хоккейші қазіргі таңда Өскеменде жаттығып жүрген көрінеді.