«Барыс» клубының бас бапкері Андрей Назаров төрт ойынға шеттетілді
ҚХЛ спорттық-тәртіптік комитеті «Барыс» клубының бас бапкері Андрей Назаровты төрт ойыннан шеттетіп, 100 мың рубль көлемінде айыппұл салды.
Еске сала кетейік, «Ақ Барс» пен «Барыс» кездесуінің алғашқы минутында Дамир Рыспаев пен Александр Свитовтың арасында болған төбелестен кейін Андрей Назаров пен Свитов сөзге келіспей қалған болатын. Ұрыс кезінде Назаров Свитовқа бөтелке лақтырып, ақырында ойын соңына дейін айдыннан қуылған болатын.
Оқиғаны қарастырған ҚХЛ спорттық-тәртіптік комитеті «Ақ Барспен» ойын кезінде бекітілген айыппұл мен 17-қыркүйекте өткен «Адмирал»-«Барыс» кездесуіндегі 20 минуттық айыппұлды ескеріп, Назаровты төрт ойыннан шеттету туралы шешім шығарған.
Сонымен қатар, Спорттық регламенттің 54 бабы 1 тармағы 1.19 тармақшасына сәйкес «Ақ Барс» ойыншысы Александр Свитов пен «Барыстың» бас бапкері Андрей Назаровты айдында ұрыс ұйымдастырғандығы үшін және жанкүйерлердің агрессивті қылық танытқандығы үшін «Ақ Барс» пен «Барыс» клубы 100 мың рубль көлемінде айыппұл төлейтін болады.
Лига Андрей Назаровқа егер мұндай жағдай қайталанған жағдайда, ҚХЛ тәріптік регламентінің 32 бабы 8 тармағы бойынша спорттық корпоративтік шеттету түріндегі жазаға тартылатындығын ескертті, деп хабарлайды khl.ru.