Еуропа және Конференция Лигасының жеребесі тартылды

УЕФА-ның штаб-пәтері орналасқан Ньон (Швейцария) қаласында Еуропа және Конфереция Лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Қалыптасқан ереже бойынша Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған командалар және Еуропа Лигасында екінші орын алған командалар 1/16 финалда жолығып, өзара мықтыны анықтайды.

Сонымен Еуропа Лигасының 1/16 финалдық кезеңінде:

Барселона (Испания) — Манчестер Юнайтед (Англия)

Ювентус (Италия) — Нант (Франция)

Мидтьюлланд (Дания) — Спортинг (Португалия)

Ренн (Франция) — Шахтер (Украина)

Аякс (Нидерланд)– Унион Берлин (Германия)

Байер (Германия) — Монако (Франция)

Севилья (Испания) — ПСВ (Нидерланд)

Зальцбург (Австрия) — Рома (Италия)

Еуропа Лигасындағы алғашқы ойындар 16 ақпан, қарымта ойын 23 ақпан күні өтеді. Финалдық ойын 31 мамыр күні Будапешт (Венгрия) қаласында өтуі тиіс.

Конференция Лигасының 1/8 финалында кездесетін командалар:

Карабах (Әзербайжан) — Гент (Бельгия)

Трабзонспор (Түркия) — Базель (Швейцария)

Лацио (Италия) — ЧФР Клуж (Румыния)

Будё-Глимт (Норвегия) — Лех (Польша)

Брага (Португалия) — Фиорентина (Италия)

АЕК Ларнака (Кипр) — Днепр-1 (Украина)

Шериф (Молдова) — Партизан (Сербия)

Лудогорец (Болгария) — Андерлехт (Бельгия)

Конференция Лигасының алғашқы ойындары 16 ақпан, қарымта ойын 23 ақпан күні өтеді. Финал 7 маусым күні Прага (Чехия) қаласында өтеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды