Дәурен Абаев шорт-тректен Қазақстан құрамасымен кездесті

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Алматыда өтетін әлем Кубогінің төртінші кезеңі қарсаңында шорт-тректен ұлттық құрама мүшелерімен, Конькимен жүгірушілер халықаралық одағының конькимен жүгіру бойынша спорт директоры Уго Хернхоффпен және Конькимен жүгірушілер халықаралық одағының кеңес мүшесі Суванна Сильпа-арчамен кездесті.

Айта кетейік, ертең Алматыда шорт-тректен Әлем Кубогының IV кезеңі басталады. Жарыс 17-18 желтоқсанда «Халық Арена» мұз сарайында өтеді.

Ел намысын ерлер арасында: Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамуханов, Нұртілек Қажғали және Мерсаид Жақсыбаев сынға түссе, әйелдер арасында: Яна Хан, Ольга Тихонова, Мадина Жанбусинова, Алина Әжғалиева, Анастасия Астраханцева және Малика Ермек қорғайды.

«Соңғы жылдары біздің құрама әлемдік элитадағы өз позициясын айтарлықтай нығайтты. Әлем кубогы мен ірі халықаралық жарыстарда біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Осының бәрін ескере отырып, ISU конькимен жүгірушілер халықаралық одағы бізге 2022/23 маусымда әлем кубогының екі кезеңін қатарынан өткізуді сеніп тапсырды. Бұл ұйымдастыру комитеті үшін де, спортшылардың өздері үшін де жақсы тәжірибе болады. Сондықтан, елдегі жарыс сіздерге сәттілік әкелсін деп тілеймін! Жаңа белесті бағындырып, жетістікке жетіңіздер!», – деді Дәурен Абаев.

Спортшылар өз кезегінде министрге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, балалар мен жастар арасында шорт-тректің танымалдылығы артқанын атап өтті.

«Мәдениет және спорт министрлігі ұлттық құрама үшін жаттығуларды жағары деңгейде ұйымдастыруға, қажетті спорттық жабдықтарды сатып алуға, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге және барлық халықаралық старттарға қатысуға жағдай жасап, шорт-тректен Қазақстан құрамасына толыққанды қолдау көрсетіп отыр», – деп атап өтті Қазақстан конькимен жүгірушілер федерациясы.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Елдана Тәліпова Әлем кубогыны күміс жүлдегері
Надежда Рябец World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Алуа Балқыбекова World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Санжар Тәшкенбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Наталья Богданова World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Виктория Графеева World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Бекзад Нұрдәулетов World Boxing Cup турнирінің чемпионы атанды
Нұрбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің күміс жүлдегері
Назым Қызайбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Махмұд Сабырхан World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Ертуған Зейнуллинов World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Аида Әбікеева World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Айдана Забынбекова World Boxing Cup турнирінің қола жүлдегері
Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды
Нико Уильямс «Атлетикпен» 2035 жылға дейін келісімшартын ұзартты
Жанар Дегенбай комбат дзю-дзюцудан Әлем кубогын иеленді
Қазақстан құрамасы плей-оффта Италиямен кездеседі