Гарет Бэйл спорттық мансабын аяқтады

Футболдан Уэльс құрамасының капитаны Гарет Бэйл 33 жасында спорттық мансабын аяқтады

«Ұзақ ойлана келе мен клубтық және құрамадағы мансабымды аяқтағанымды хабарлаймын. Өзім армандаған спортпен айналысуға барлық мүмкіндік жасалды. Енді өмірдің жаңа беттерін ашуға қадам жасаймын, жаңа өзгерістер мен мүмкіндіктердің уақыты келді», - деді Гарет Бэйл.

Гарет Бэйл кәсіби мансабында 665 ойын өткізіп, 226 гол соғып, командаластарының гол соғуына 161 мәрте көмектескен. 

Ойыншы өзінің кәсіби мансабын «Саутгемптон» командасынан бастап, «Тоттенхэм», «Реал Мадрид» және «Лос-Анджелес» ұжымдарында ойнаған. 

Мадридтік «Реал» сапында бес мәрте Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанып, үш рет Испания Чемпионатының жеңімпазы, Клубтар арасындағы Әлем Чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы, УЕФА Суперкубогының екі дүркін жеңімпазы, 2013-14 жылғы маусымда Испания Кубогы, 2017 жылғы Испания Суперкубогының иегері ұлттық құрама сапында 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының қола жүлдегері атанған.

2022 жылғы Әлем Чемпионатында Уэльс құрамасының сапында ойнаған, дегенмен команда бір ұпаймен В тобында төртінші орын алды.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды