«Tartyl Fest» Гранд-финал

Еліміздің 20 қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «DARA» дарындыларды қолдау қорының ұйымдастыруымен өткен турникке тартылудан сайыстың финалы ұйымдастырылатынын жариялаймыз!

Еске салсақ, спорттық жарыс 10 шілде мен 6 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық аймақтарында өз үздіктерін анықтады.

Жоба жетекшісі – Қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер, Street Workout-тан Қазақстан және әлем бойынша бірнеше дүркін рекорд иесі, Street Lifting бойынша Еуропа рекорд иесі. Қазақстандағы Street Workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Айтым Жақупов.

Street Workout – бұл көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығулар жасайтын көше гимнастикасы. Қатысушы көбірек тартылған сайын жүлде жеңіп алу мүмкіндігі арта түседі.

Жарыста қатысушылар салмағы мен жас ерекшеліктеріне қарай 9 категорияда бақ сынады.Сонымен қатар, жарыс ресми қазылар алқасының қатысуымен өтті.

20 қаладан 9 санат бойынша анықталған 180 жеңімпаз, 2023 жылдың 28 қаңтарында Астана қаласында өтетін гранд-финалғақатысады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйлыққа ие болады.

Еске салсақ, осыған дейінгі әр қалада өткен спорт сайысындағы жүлде қоры:

1 орын 200 000 тг

2 орын 100 000 тг

3 орын 50 000 теңгені қамтыса,

Гранд Финалдың жүлде қорының мөлшері ұлғайды, яғни:

1 орын 3 000 0000 тг

2 орын 2 000 000 тг

3 орын 1 000 000 тг

Елімізде алғаш рет өткен ауқымды жобаның жалпы көрсеткіші:

Tartyl Fest халық қамту саны: 1,6 млн. Адам

Онлайн тіркелу саны: 13 181 адам

Қатысушылар саны: 7 020 адам

Барлық тартылу саны: 121 750 рет

Тартылудың орташа саны: 17 рет

Фестиваль рекорды: 50 рет

TARTYL FEST өткен қалалар тізімі:

1. Қонаев 10 шілде

2. Талдықорған 14 шілде

3. Алматы 17 шілде

4. Тараз 20 шілде

5. Шымкент 20 шілде

6. Түркістан 25 шілде

7. Қызылорда 27 шілде

8. Ақтау 3 тамыз

9. Атырау 31 шілде

10. Орал 6 тамыз

11. Ақтөбе 9 тамыз

12. Қостанай 12 тамыз

13. Петропавл 15 тамыз

14. Көкшетау 18 тамыз

15. Жезқазған 21 тамыз

16. Қарағанды 24 тамыз

17. Павлодар 27 тамыз

18. Семей 30 тамыз

19. Өскемен 2 қыркүйек

20. Астана 6 қыркүйек


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Мария Дмитриенко Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Ержет Жарлықасын - Азия чемпионы
  • Жаңалықтар
Азия Жамбы Ату федерациясының алғашқы конференциясы өтті
Тоқтарбек Айдарбек сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды
  • Жаңалықтар
Астанада жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді
  • Жаңалықтар
Түркістанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты басталды
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Азамат Дәулетбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды
Ризабек Айтмұхан - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Арқaн тартыстан тұңғыш ел чемпионаты аяқталды
  • Жаңалықтар
  • Футбол
QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады: отандық футболда қандай өзгерістер болады?
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан Суперкубогының иегері
  • Жаңалықтар
Астана қаласында V дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарысының орталық аймақтық кезеңі өтті
  • Жаңалықтар
Александр Бублик АТР 250 турнирінің жеңімпазы болды
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы сайланды
  • Жаңалықтар
Елімізде «Арқан Тартыс» федерациясы жұмысын бастады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Италия Суперкубогының ойындары «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінде
  • Жаңалықтар
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды
  • Жаңалықтар
Түркістан облысы көш бастады: ұлттық спорт бойынша аймақтардың рейтингі шықты
  • Жаңалықтар
Рапид және Блицтен Әлем Чемпионаты
  • Жаңалықтар
Алматыда дзюдодан халықаралық «Jenys Cup» турнирі өтеді