Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионаты аяқталды

Астанада Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия Чемпионаты өз мәресіне жетті

Соңғы жарыс күнінде (12 ақпан) 12 финалдық жарыс өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Әйелдер арасында биіктікке секіруден барлық жүлделі орынды Қазақстан спортшылары иеленді. 1.89м үздік көрсеткішті Надежда Дубовицкая мен Кристина Овчинникова көрсетті. Овчинникова мүмкіндік санынан есе жіберді. Үшінші орынды 1.84 нәтижесімен Елизавета Матвеева иеленді.

Ерлер арасында ұзындыққа секіруден 8.02 метр нәтижесімен тайпейлік Лин Ю Танг үздік атанды. Екінші орында үндістандық Джесвин Алдрин (7.97 метр), үшінші орында қытайлық Джанг Минкун (7.92 метр).

Хусаин асим Алхизам  (Сауд Арабиясы) сырықпен секіруде 5.45 метр нәтижесімен жарыс жеңімпазы атанды. Катар спортшысы Сейфелдин Мухамед Абдильсалам 5.35 метр нәтижесімен ІІ орын, тайландтық Патсапонг Амсамарнг мүмкіндік санынан есе жіберіп, 5.35 метр нәтижесімен ІІІ-орын иелерді. Қазақстандық Иван Товченник 5.25 нәтижесімен  IV орынға тұрақтады.

Ерлер арасындағы эстафета Чемпионаттың ең тартысты жарыстарының бірі болды. 4х400метр эстафетадан Қазақстан ерлер командасы Азия Чемпионатында алтын медаль иеленді. Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс және Михаил Литвин 3:09.15 нәтижесімен ел қоржынына кезекті медаль алып келіп, ұлттық рекордты жаңартты. Екінші орында 3:09.26 нәтижесімен Катар команадасы, үшінші орында 3:34.45 нәтижесімен Тәжікстан құрамасы келді.

4х400м эстафетасында қазақстандық әйелдер командасы 3:44.21 нәтижесімен мәре сызығын бірінші болып кесті. Команда құрамында: Алелина Земс, Александра Залюбовская, Кристина Кондрашева, Элина Михина. Мәре сызығын екінші болып, 3:46.45 нәтижесімен Өзбекстан құрамасы кесті.

Әйелдер арасында ұзындыққа секіруден Жапония командасының спортшысы Сумире Хата бірінші орын (6,64метр), қытайлық Хуан Иньин (6.43 метр) нәтижесімен екінші орын, өзбекстандық Дарья Резниченко (6.37 метр) нәтижесімен  үшінші орын иеленді.

Ерлер арасында биіктікке секіруден Реичи Акамацу (Жапония) 2.28метр биіктікті еңсеріп чемпион атанды. У Сангхек (Оңтүстік Корея) 2.24 метр нәтижемен ІІ орын, сириялық Маджд Эддин Газаль(2.24метр) мүмкіндік санынан есе жіберіп ІІІ орын иеленді.

Ерлер арасында 3000м жүгіруден отардасымыз Шэдрак Кимутай Коеч 7:59.84 нәтижесімен ІІІ орын алды. І орын 7:55.25 нәтижесімен Мухаммад Алгарни (Катар), ІІ орын 7:56.41 нәтижесімен Кейта Сато (Жапония) иеленді.

 Давид Ефремов ерлер арасында кедергілер арқылы 60метрге жүгіруден алтын жүлдені иеленді. Спортшымыз бұл қашықтықты 7.65 секундта жүгіріп өтті. Екінші орын кореялық Чем Куе Ру (7.68), үшінші орын жапондық Шукей Ишикава (7.70) иеленді.

Ерлер арасында онсайыста жапондық спортшылар үздік танылды. І орын Юма Маруяма (Жапония), ІІ орын Кейсуке Окуда (Жапония), ІІІ орын Дженри Убас (Филиппин) иеленді.

Кувейт спортшысы ерлер арасында 800метрге жүгіруден Чемпион атанды. Эбрахим Альзофайри қашықтықты 1:49.33 секундта мәре сызығын бірінші боп кесті. Жүлделі ІІ және ІІІ орындарды Катар спортшылары иеленді. Абдурахман Саид Хассан 1:49.58, Мусааб Абдулрахман Бала 1:49.68 нәтижесін көрсетті.

Әйелдер арасында 800 метрге жүгіруден Қытайлық У Хун Цзяо 2:06.85 нәтижесімен І орын, Жапондық Аяно Шиоми 2:07.18 нәтижесімен ІІ орын, Рао СИНЬЮ (Қытай) 2:08.75 нәтижесімен ІІІ орын иеленді. Қазақстандық Ақбаян Нұрмәмет 2:10.00 нәтижесімен міре сызығын IV болып кесті.

Әйелдер арасында 60метрге кедергілер арқылы  жүгіруде Маюми Аоки 8.01 секунд нәтижемен мәрені бірінші болып кесті. Үндістандық Джиоти Яррахи 8.13 секунд нәтижемен ІІ орын, қытайлық Чэнь Цзяминь 8.15 секунд нәтижемен ІІІ орын алды.

Қорытындылай келе командалық есепте Қазақстан құрамасы; алты алтын, үш күміс және үш қола медальмен ІІ орынға тұрақтады.

Жапония құрамасы алты алтын, бес күміс және төрт қола медальмен І орын, Катар құрамасы екі алтын, төрт күміс, екі қола медальмен ІІІ орын иеленді.

Чемпионаттың ресми жабылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті генерал Дахлан әл-Хамад, ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов және ҚР жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметов спортшылар мен ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге алғыс білдірді. 

Чемпионат 10-12 ақпан күндері Астана қаласы, «QAZAQSTAN» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтті. Спорттық додаға Азияның 30 елінен 500 ге жуық спортшы қатысты. Олар өзара 26 медаль жиынтығын сарапқа салды. Жарыс Qazsport телеарнасында және QazAthletics ютуб арнасында тікелей эфирде көрсетілді.


Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

  • Жаңалықтар
Алматы облысында шахматтан «KONAEV CUP – 2023» екінші халықаралық турнирі өтті
  • Жаңалықтар
  • Дзюдо
Дзюдодан Қазақстан Чемпионаты. 1-күн
  • Жаңалықтар
Арайлым Әбенова - самбодан Әлем Чемпионы
Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтеді
Астана қаласында бокстан Жазғы Спартакиада өтеді
  • Жаңалықтар
Алматыда каратеден WKF Азия Чемпионаты өтіп жатыр
  • Жаңалықтар
  • Теннис
Елена Рыбакина WTA Finals турнирінде жеңіске жетті
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Лионель Месси - «Алтын Доп» жүлдесінің жеңімпазы
  • Жаңалықтар
Азиада 2022: Еліміздегі федерациялар есеп берді
  • Жаңалықтар
«Барыс» сырт алаңда өткізетін ойындарға арналған құрамын жариялады
  • Жаңалықтар
  • Футбол
Қазақстан құрамасы камбэк жасап, Финляндия құрамасын жеңді
  • Жаңалықтар
  • Бокс
Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша Әлем Чемпионы
  • Жаңалықтар
  • Бокс
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде ұсынады
  • Жаңалықтар
  • Күрес
Мейіржан Шермахнбет - Азия ойындарының күміс жүлдегері
  • Жаңалықтар
Азиада 2022: Кезекті жарыс күнінің қорытындысы
  • Жаңалықтар
Жансель Дениз және Смайыл Дүйсебай – Азия ойындарының қола жүлдегерлері
  • Жаңалықтар
Мергендер құрама қоржынына екінші және үшінші алтынды салды
Әділбек Мусин – Азия ойындарының қола жүлдегері
  • Жаңалықтар
ХІХ жазғы Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті
  • Жаңалықтар
Эльмир Алимжанов – Азия ойындарының қола жүлдегері