Александр Бублик ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты
![](https://i.qazsporttv.kz/2023/2/23/1677160461923.jpg?w=730&h=431&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
АТР рейтингінде 50-орында тұрған Александр Бублик Марсель (Франция) қаласында өтіп жатқан АТР 250 жарысының ширек финалдық кезеңіне жолдама алды
Бублик 1 сағат 4 минуттың ішінде корт қожайыны Грегуар Баррерді (#58) 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын Монпельде өткен Баррер-Бублик кездесуінде 6:4, 6:7(12), 7:6(3) есебі француз теннисшісінің пайдасына тіркелген.