Дәрмен Сәдуақасов - Азия шахмат федерациясының вице-президенті
Абу-Даби (БАӘ) қаласында Азия шахмат федерациясының саммиті өтіп жатыр (ACF). Құрамына 54 елдің шахмат федерациясы кіретін халықаралық ұйымға біздің ел де мүше.
Саммитте федерацияның бірінші вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Қазақстанда шахматты дамыту тұжырымдамасын таныстырып, аталған саладағы жетістіктері және жоспарларымен бөлісті. Форум аясында ҚХР, Үндістан, Орталық Азия елдері федерацияларының басшылығымен шейх Сұлтан бин Халифа Әл Нахянмен кездесулер өткізілді.
Сайлауда Азия шахмат федерациясының кеңесімен ACF вице-президенті болып Дәрмен Сәдуақасов тағайындалды.
«Соңғы уақытта біздің шахматшылар өте жақсы нәтиже көрсетуде, бізде балалар мен жасөспірімдер, қыздар құрамасы өте мықты. Қазақстанда ірі чемпионаттар өткізіле бастады. Осы сәтті пайдалана отырып, Freedom Finance Global және біздің федерация президенті Тимур Турловқа жаһандық шахмат турнирлерін ұйымдастыру мүмкіндігі үшін алғыс білдіргім келеді. Аталған шаралар Қазақстанда балалар шахматының дамуына үлкен серпін беріп, бұл ойынды өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттайды. Менің Азия Федерациясына вице-президент ретінде тағайындалуым - еліміздегі шахматтың дамуын, халықаралық деңгейдегі табыстарымызды және Қазақстан федерациясының планетарлық ауқымдағы чемпионаттарды ұйымдастырудағы рөлінің мойындалғанын көрсетеді»,- деп Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті деп атап өтті.