Қазақстан құрамасы ӘЧ іріктеу турнирінің элиталық кезеңінде ойнайды

Рикардо Кака бастаған Қазақстан құрамасы негізгі іріктеу кезеңінің соңғы ойынында Словениямен тең түсіп, топтан бірінші орынмен келесі айналымға жолдама алды.

Марибор қаласында өткен ойын 3:3 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан Альберт Ақбалықов, Дәурен Тұрсағұлов және Тайнан көзге түссе, алаң иелерінен Жиго Чех, Игор Осредкар және Тео Турк мергендік танытты.

Қазақстан құрамасы 10 ұпаймен өз тобын бірінші орынмен аяқтады. Бұған дейін біздің жігіттер Словенияны 2:0, Черногория құрамасын 5:1 және 7:0 есептерімен жеңген болатын.

Элиталық кезеңнің жеребе тарту рәсімі 5 шілде күні өтеді.

Словения – Қазақстан – 3:3 (1:3)

Голдар:

5 мин. Альберт Ақбалықов (0:1)

9 мин. Жиго Чех (1:1)

15 мин. Дәурен Тұрсағұлов (1:2)

19 мин. Тайнан (1:3)

25 мин. Игор Осредкар (2:3) 

26 мин. Тео Турк (3:3)

Элиталық кезеңнің жеребе тарту рәсімі 5-шілде күні өтеді. Дәл қазір элиталық кезеңге жолдама алған: Испания, Грузия, Армения, Португалия, Қазақстан, Польша, Хорватия, Румыния, Франция, Италия, Украина, Словакия.



Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ерлан Утепов - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Аяла Мереке Әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты