«Qazsport» телеарнасы шахматтан әлемнің 17-ші чемпионы анықталатын ойынды тікелей эфирде көрсетеді
7 сәуір мен 1 мамыр арлығында Астана қаласындағы «St. Regis» қонақ үйінде (Қабанбай батыр көшесі, 1) шахматтан әлемнің 17-ші чемпионы анықталады. Әлемдік шахмат тәжін Ян Непомнящий (ФИДЕ) және Дин Лижэнь (ҚХР) сарапқа салады.
2022 жылдың 31 қазанында шахматтан қазіргі, яғни 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен атағын қорғаудан бас тартқаннан кейін 2022 жылғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы Ян Непомнящий мен жарыстың вице-чемпионы Дин Лижэнь арасында өтеді. Екі спортшы халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) рейтингінде екінші және үшінші орынға орналасқан.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 млн еуро. Әлем чемпионатының ұйымдастырушысы және басты серіктесі - Freedom Holding Corp.
Қалыптасқан ереже бойынша Әлем чемпионаты барлығы 14 партиядан тұрады. Алғашқы 40 жүріс 60 минуттан, одан кейінгі 20 жүріске 15 минут уақыт беріледі. Қарсыластар тең түскен жағдайда рапид (жылдам шахмат) бойынша қосымша плей-офф партиясы өтеді.
Байрақты бәсекеге келетін құрметті қонақтар арасында: Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович, 14-ші және 15-ші әлем чемпионы Владимир Крамник және Вишванатан Ананд, әйелдер арасындағы шахматтан әлемнің төрт дүркін чемпионы Хоу Ифань, халықаралық дәрежедегі гроссмейстерлер Даниил Дубов, Виорел Бологан және Дана Рейзниеце-Озола (Латвияның бұрынғы экономика және қаржы министрі) бар