Шахматтан Әлем Чемпионы үшін алғашқы ойын тең нәтижемен аяқталды
Астана қаласында әлемдік шахмат тәжі үшін өтіп алғашқы ойында тең нәтиже тіркелді. Екі шахматшы арасындағы алғашқы Ян Непомнящий мен Динь Лижень арасындағы ойынның 49-шы жүрісінде екі шахматшы тең есепке келісіп, 0,5 ұпайдан еншіледі.
Жеребе қорытындысы бойынша Ян ақ түсті фигурамен бастады.
Қос шахматшы арасындағы алғашқы символикалық жүрісті ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жасады.
Ойын барысында Ян Непомнящий аздаған басымдықпен алда тұрғанымен қытайлық шахматшы сәтті қорғанып, тең ойынды ұстап қалды.
Ертең, яғни 10 сәуірде қос шахматшы арасында екінші партия өтеді.
Айта кетейік, қос шахматшы арасындағы ойын 14 партияға дейін жалғасады. Мерзімінен бұрын жеңіске жету үшін екі шахматшының бірі 7,5 ұпай еншілеуі тиіс. Партиядағы жеңіс үшін бір ұпай, тең ойын үшін 0,5 ұпай беріледі. 14 партиядан кейін тең есеп тіркелетін болса, екі шахматшы арасында тай-брейк ойналады.