Мейірім Нұрсұлтанов WBO International атағын қорғап қалды
Орта салмақтағы кәсіпқой бокс шебері бақ Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11КО) Инчхон (Оңтүстік Корея) қаласында өткен бокс кешінде кәсіби мансабында жеңілмеген жапон боксшысы Кадзуто Такесаконы (15-1-1, 14КО) нокаутпен ұтып, WBO International чемпиондық белбеуін сәтті қорғады.
12 раундқа жоспарланған жекпе-жек 8-раундта нокаутпен аяқталды. Қарсыласына жойқын әрі сериялық соққыларын дарыта білген Мейірім кәсіпқой рингтегі 19-жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жектің үшінші раунды кезінде Такесако нокдаун алып қалғанын айта кетейік.
Оңтүстік Кореяда өткен бокс кешінде тағы бір қазақстандық Нұрсұлтан Аманжолов өнер көрсетіп, жергілікті Ан Сук Хенді үшінші раундта нокаутпен жеңді Нұрсұлтан кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
11.07.2026, 13:25
Норвегия - Англия: Тікелей эфир!
11.07.2026, 13:00
Микель Мерино жеңіс голын соғып, Испанияны жартылай финалға шығарды
11.07.2026, 09:00
Карим Адейеми «Барселона» ойыншысы атанады
11.07.2026, 07:00
Испания – Бельгия: Тікелей эфир!
10.07.2026, 17:00
Ауыр атлетика: Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
10.07.2026, 15:15
Дастан Сатпаев «Челси» сапындағы алғашқы жаттығуын өткізді
10.07.2026, 13:00
Таеквондодан Әлем кубогына қатысатын Қазақстанның құрамасы белгілі болды
10.07.2026, 12:30