Астанада допты хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды
Елодадағы «Алау» мұз сарайында 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында допты хоккейден Қазақстан чемпионаты басталды. Жарысқа Астана, Орал, Петропавл және Хромтау қалаларының құрамалары қатысуда.
Қазақстан құрамасы допты хоккейден әлемдегі ең мықты командалардың бірі. Спортшылар 2011 жылы 7-ші Азия ойындарында алтын және Әлем біріншіліктерінде алты бірдей жүлдеге қол жеткізген.
«Бұл өте тартымды спорт түрі. Бізде талантты жастар көп, бірақ олардың өнерін дамытуға мүмкіндік аз», - деді Астана құрамасының бапкері Валерий Скучалин.
Біріншілік аптаның соңына дейін жалғасады. Чемпионатта үздік деп танылған құрама 2017 жылы өтетін Универсиадада ел намысын қорғайтын болады.