«Нұрлы жол» жастардың патриоттық сезімін оятады – Тастанбек Есентаев
Тастанбек ЕСЕНТАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауының ертерек болу себебі – қазіргі геосаяси жағдайдағы шиеленістің күрделеуіне және әлеуметтік экономиканың дағдарысқа ұшырауына байланысты. Өзінің жолдауында дағдарыстың біздің экономикамызға тимей кетуі мүмкін емес деп айтып өтті. Сонымен қатар, қиыншылық кезде халықты қалай алып шығу жолдарын айтып көрсетті.
Ең бастысы дағдарыспен күрес емес, дағдарыстың алдын алуын айтып отырғанын атап өткім келеді. Жолдауда көрсеткен басты мәселелерінің бірі – инфрақұрылымды дамыту. Себебі қиыншылық кездерде, инфрақұрылым дағдарысты алдын алудың маңызды құралы екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, бүгінгі таңдағы жастардың 80 пайызы отбасын құрғаннан кейін 1-2 жылдан соң бір-бірімен түсінісе алмай, айырылысып кетіп жатады. Сондықтан мен ойлаймын жастардың 80 пайызы тұрғын үйді керек етеді.
Тұрғын үйді шешу жолдарын Елбасы ашық, анық айтты. Оларға берілетін несиелердің 1-2 пайыз ғана болуы дүние жүзінде жоқ. Сол себептен бұл бастама жастардың патриоттық сезімін оятады деп ойлаймын.